Қонаев көшесі бойымен Абай даңғылы мен Төле би даңғылының аралығында.
• Аймақ нөмірі – 1005
• Көлік қоятын орындардың саны – 108
• Мүгедектерге арналған орындар саны – 7. ⠀
Қонаев көшесі бойымен Төле би даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығында.
• Аймақ нөмірі – 1001
• Көлік қоятын орындардың саны – 12
• Мүгедектерге арналған орындар саны – 1.
Барлық жаңа көлік қоятын орындар көшенің батыс жағында орналасады. Ең көп жүктелген көшелердің бірінде ақылы учаскені енгізу жұмыс күні ішінде бос орындардың санын көбейтеді, әр көлік қоятын орынның айналымын арттырады және бос орынды іздеудің орташа уақытын азайтады.
Абай болыңыз! Естеріңізге сала кетейік, көлік қоятын орынға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жарты жыл мерзімге резиденттік рұқсатты рәсімдей алады. Бағасы 6000 теңгеден басталады. Мұны docs.aparking.kz құжаттарды қабылдау қызметі арқылы қашықтан жасауға болады.