Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шеңберінде ақылы көлік қоятын орындарды тегін пайдалана алатын жеңілдік берілген адамдардың санаты кеңейтілді.

image

1) ҰОС қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; ⠀ 
2) I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері; ⠀ 
3) «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; ⠀ 
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар; ⠀ 

Жеңілдіктерді ресімдеу үшін компьютерден немесе смартфоннан DOCS.APARKING.KZ («Жеңілдіктер» бөлімі) сілтемесіне өтіп, қажетті құжаттарды тіркеу керек. Ережеге сәйкес, жеңілдік жоғарыда аталған тізімге кіретін көлік құралдарының иелеріне ғана беріледі.