Kaspi.kz қосымшасы тұрған жеріңіздегі көлік тұрағының нөмірін автоматты түрде анықтайды.⁣

image

Тұрақ ақысын төлеу ыңғайлырақ бола түсті. Көлік иелеріне енді көшедегі стендтерден тұрақ аймағының нөмірін іздеудің қажеті жоқ. Kaspi.kz қосымшасы тұрған жеріңіздегі көлік тұрағының нөмірін автоматты түрде анықтайды.⁣

Ол үшін «Төлем» сервисіне кіріп, іздеу жолынан «Aparking» қызметін табыңыз да, көліктің мемлекеттік нөмірін енгізіңіз. Егер сізде геолокация қосылып тұрса, 300 метр радиустағы ең жақын көлік тұрағын қосымша автоматты түрде анықтайды, сізге тек таңдауды растау керек болады. Сосын минут санын көрсетіңіз де, қызмет ақысын Kaspi Gold-тан немесе Kaspi Бонуспен төлеңіз.